Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне әскери атақтар табыс етті

Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне әскери атақтар табыс етті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Аңсаған Балтабековке генерал-лейтенант әскери атағы;

Асхат Төлеуовке ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы;

Жандос Өмірәлиевке 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені;

генерал-майор әскери атағы Марғұлан Аманбаев, Алтай Ботабаев, Айдос Мырзахметов, Жұмабек Хасеновтерге;

Тимур Еспағанбетовке авиация генерал-майоры әскери атағы;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Марат Дүйсенов пен Саламат Үкеновке;

экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Ерболат Балғабаев, Арман Жүнісов, Руслан Остроумовтерге;

Нұрсұлтан Мұқашевқа полиция генерал-майоры арнаулы атағы; 

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Руфат Кұттықов пен Алмаз Мұхаметжановқа берілді.