Референдум-2026

TikTok-та жоқ жиһазды сатамын деп алаяқтық жасаған әйел 2,5 жылға сотталды

20 шілде, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
TikTok-та жоқ жиһазды сатамын деп алаяқтық жасаған әйел 2,5 жылға сотталды
Фото: Magnific.соm

Жамбыл аудандық соты ақпараттық жүйені пайдалана отырып алаяқтық жасаған азаматша А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл аудандық сотына сілтеме жасап. 

2026 жылдың сәуірінде сотталушы өзін сатушы ретінде көрсете отырып, TikTok әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған. Жәбірленуші болса, акция бойынша 60 мың теңге тұратын диванға қызығушылық танытып, хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірімен байланысқа шыққан.

Диванға алдын ала төлем жасау сылтауымен сотталушы сатып алушыны 25 мың теңгені басқа біреудің шотына аударуға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін жиһаз жеткізілмеді және сатушымен байланыс үзілді. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген әйел полицияға жүгінген.

Кінә тараптардың, куәлердің айғақтарымен, банктердің чектері мен үзінділерімен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот кінәні мойындауды, өкініш білдіруді және зиянды өтеуді жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот сотталушы бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және жазасын өтеу кезеңінде тиісті қорытынды жасамай, ұқсас жаңа қылмыс жасағанын ескерді.

Сот үкімімен А. ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үкімдердің жиынтығы бойынша 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік зейнеткер Telegram-дағы жалған ботқа алданып қала жаздағаны туралы жаздық.