Референдум-2026

Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан елордалық ұсталды

Бүгін, 11:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан елордалық ұсталды
фото: polisia.kz

«Қарасора - 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің «қоймасы» қызметін атқарған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер - α-PVP мен мефедрон тәркіленді. Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы - алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі», - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Оның айтуынша, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады. 

Еске салайық, бұған дейін жабайы қарасораны жоюдан бас тартқан ақтөбеліктер жауапкершілікке тартылғаны туралы жаздық.