Талдықорғанда құрылыс компаниялары үлескерлерді заңсыз тартқан

Талдықорғанда құрылыс компаниялары үлескерлерді заңсыз тартқан
Фото: freepik.com

Талдықорған қаласында құрылыс компаниялары үлескерлерді заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Талдықорған қаласының прокуратурасы тиісті рұқсат алмай, жеке және заңды тұлғалардың қаражатын заңсыз тарту фактілерін анықтады.

«Кінәлі құрылыс компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 3,2 млн теңге айыппұл салынды. Бұл шара заңдылықты қалпына келтіруге және халықтың тұрғын үй нарығына деген сенімін нығайтуға бағытталған», делінген хабарламада.

Прокуратура қаражатты тек заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй құрылыстарына ғана салуды ұсынады. 

Еске сала кетсек, Қостанайда компания басшысы үлестік құрылыстың 162 млн теңгесін талан-таражға салған.