08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысында тепловоз жүк көлігіне соғылды (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысында тепловоз жүк көлігіне соғылды (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: видеодан скрин

8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент аралығының күзетілетін теміржол өткелінде HOWO автокөлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдында өткелге шығып, жол ережесін бұзған.

«Қаза тапқандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы қозғалыс кестесіне әсер етті: үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. 07:18-де учаскедегі қозғалыс толықтай қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырады. Ережелерді бұзу тек материалдық зиян келтіріп қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗