Словакияда Әлем чемпионатына қатысқан балуандар Құрылтай сайлауына дауыс берді

Словакияда Әлем чемпионатына қатысқан балуандар Құрылтай сайлауына дауыс берді
Фото: Қазақстандық күрес федерациясы

Братиславадағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғап жүрген қазақстандық балуандар Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстандық күрес федерациясына сілтеме жасап.

Жарыс кестесінің тығыздығына қарамастан, спортшылар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.

Осылайша, әлемдік додада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген жас балуандар спорттағы жауапкершілікпен қатар, азаматтық ұстанымын да айқын көрсетті.

Қазақстандық күрес федерациясы барша азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға белсенді қатысып, азаматтық парызын орындауға шақырады.

Еске салсақ, елордалық гандболшылар Бакуде дауыс берді.