Скринингтер көбейіп, кезектер қысқарады - Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін, 09:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Скринингтер көбейіп, кезектер қысқарады - Денсаулық сақтау министрлігі
фото: Оңалхан Өнерхан

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова  ведомство алқасының отырысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру реформаларының бірқатар негізгі нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, қоғамда емханалардағы кезекке, жалпы практика дәрігерлерінің шамадан тыс жүктемесіне және пациент маршруттарының күрделілігіне байланысты мәселелер әлі сақталып отыр. 

«Біз пациент медициналық қолдауды тезірек және аурудың ерте сатысында, емдеу тиімді болған кезде алатындай етіп алғашқы көмекті қалпына келтіріп жатырмыз», — деп атап өтті А.Әлназарова.

2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: нысаналы тобтың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, 50-76 жастағы ер адамдар үшін инсульт қаупін тұрақты тексеру енгізілді, созылмалы ауруды ерте анықтау үшін жоғары сезімтал зертханалық сынақтар енгізілді.

Онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауыстырылды, бұл 300 мың сақтандырылмаған азаматтар үшін тексеруге қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Еске салайық, бұған дейін елордада медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасын талқылағаны туралы жаздық.