Елордада медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасын талқылады
№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жаңа Конституция жобасы талқыланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараға Amanat партиясының мүшелері №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнар Құлышева және №1 көпбейінді қалалық аурухананың директоры Ербол Сәрсенбаев арнайы қатысты.
Спикерлер аурухана қызметкерлеріне жаңа Конституцияның нормаларын түсіндіріп берді. Кездесу барысында Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен бастамалар айтылып, спикерлер олардың заңдылық, әділдік және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуы медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық кепілдіктер мен мемлекеттік міндеттемелерге тікелей байланысты екендігі айтылды.
Іс-шара барысында Конституция елдің құқықтық жүйесінің негізі екендігі және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағытын айқындайтыны атапыл өтілді.
Ақпараттық топ әлеуметтік саясатқа, азаматтардың денсаулығын, құқықтарын қорғауға және қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге байланысты қағидаттарға ерекше назар аударды.

Медицина қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, мамандарды әлеуметтік қорғау, еңбек жағдайы және саланы одан әрі дамытуға қатысты сұрақтар қойды.
Ашық диалог форматында өткен кездесу ұжымның белсенділігі мен қоғамдық-саяси процестерге қызығушылығын көрсетті.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Еске сала кетсек, Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясын қабылдау жөніндегі түпкілікті шешім 15 наурызда жалпыұлттық референдумда қабылданады.