Salt Awareness Week: тұзды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа қауіпті
11-17 мамыр аралығында тұзды шамадан тыстұтынудыңзиянытуралыақпараттандыру апталығы (Salt Awareness Week) өтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Науқанның мақсаты — тұздың денсаулыққа әсері туралы халықты кеңірек хабардар ету және оны тұтынуды азайтуға шақыру.
Тұзды шамадан тыс тұтыну артериялық қан қысымын жоғарылатып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульт қаупін арттырады. Бұл аурулар әлем бойынша өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
«Тұздың басым бөлігі біздің тамақтану рационымызға өңделген және қаптамадағы өнімдер арқылы түседі. Сондықтан халық денсаулығын жақсарту үшін тек жеке әдеттерді өзгерту жеткіліксіз, сонымен қатар мемлекет пен тамақ өнеркәсібі тарапынан жүйелі шаралар қабылдау қажет», делінген хабарламада.
Мамандар тұзды тұтынуды азайту — денсаулықты жақсартудың және аурулардың алдын алудың ең қарапайым тәсілі екенін атап өтті.