Қытайда Димаш Құдайбергенге продюсер ретінде алғашқы марапат табысталды

Қытайда Димаш Құдайбергенге продюсер ретінде алғашқы марапат табысталды
Фото: DimashNews.com

11 сәуірде Қытайдың Макао қаласындағы әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бас қосқан «2026 Weibo Gala» фестивалінің салтанатты шарасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге халықаралық мәдени алмасуға қосқан үлесі үшін мараптталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz DimashNews-ке сілтеме жасап.

Venetian Macao Arena алаңында өткен салтанатты кештің музыкалық бағдарламасына Димаш Құдайберген қатысты. 

Фестивальдің қорытынды бөлімінде өнер көрсеткен Димаш өзінің авторлық «Fire» композициясын ағылшын тілінде орындап қана қоймай, қазақ тілінде рэп бөлігін орындап кештің сахнасын жарқырата түсті. 

Макаода Димаш продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды – оған Weibo Macau China тарапынан «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» сыйлығы табысталды.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапатын иеленді.