Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

Бүгін, 11:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады.
 
Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган.
 
Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», - деді ол. 

Мемлекет басшысы нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс.

«Әділетті, Күшті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Ел аманатына адал болу – парыз. Сіздер осы жолда табанды еңбек етесіздер деп сенемін.
 
Құрылтай жұмысына табыс тілеймін!
 
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!
 
Қазақстан Республикасы жасасын!» - деді Президент.