«Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылады

«Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылады
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.  Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президенттің айтуынша, «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.