18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанай облысында прокурорлар ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасау фактісін анықтады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанай облысында прокурорлар ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасау фактісін анықтады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қостанай облысының прокуратурасы ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасау және оларды одан әрі өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу барысында Әулиекөл ауданының аумағында тұратын ерлі-зайыптылар 2024 жылғы желтоқсан мен 2025 жылғы тамыз аралығында өз үйлерінде түрлі-түсті принтерді пайдалана отырып, кейіннен ақшалай сыйақыға сатылатын 1-нысанды (мал мен ет өнімдерін тасымалдау құқығын білдіретін) ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасағаны анықталды.

Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша, атап айтқанда, алдын ала сөз байласу бойынша топпен бірнеше рет жасалған ресми құжатты қолдан жасау және  өткізу бойынша сараланған.

Баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. 

Қылмыстық іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗