Қосшыдағы мәдени-спорт орталығында 10 жастағы қыз бала қайтыс болды
Астанаға жақын орналасқан қаладағы қоғамдық мәдени-спорт орталығында 10 жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қосшы қаласы Полиция бөліміне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлімі бойынша факті полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, үйірмеде кәмелетке толмаған жасөспірімнің денсаулығы күрт нашарлаған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған.
«Соңғы процессуалдық шешім тексеру нәтижелері бойынша қабылданады», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Шымкентте көшеде кетіп бара жатқан әйелді пышақтап өлтірген қылмыскердің ұсталғанын хабарладық.