24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қосшыда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібіне арналған семинар өтті

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қосшыда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібіне арналған семинар өтті

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қосшы қаласында Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» акциясы аясында танымдық семинар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

Іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Семинар барысында спикерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихи қалыптасуы, символикалық мәні және оларды қолдану тәртібі жөнінде ақпарат ұсынды.

Айта кетейік, «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы еліміздің білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімшелерде, спорт федерацияларында және мемлекеттік мекемелерінде жүйелі түрде ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗