Қазақстанның 240 мыңнан астам педагогі жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді

Бүгін, 17:33
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанның 240 мыңнан астам педагогі жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді
Фото: Үкімет

Қазақстанда мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз — педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу»,- деді Асылбек Ахметжанов баспасөз мәслихатында.

«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы тестіленуде. Осы шешімдерді қауіпсіз кеңейту үшін Министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру деректерін шоғырландыруды аяқтайды.

Еске салайық, бұдан бұрын келесі жылы барлық электронды журнал жүйесі QazTech платформасында бірыңғай дерекқорға біріктірілетіні туралы жаздық.