Қазақстанның 126 медициналық ұйымында госпитальдық фармация бөлімшелері енгізілді
Қазақстанда дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
2023-2024 жылдары 19 медициналық ұйым жұмысының қорытындысы бойынша клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелері қызметінің экономикалық тиімділігі емдеу схемаларын оңтайландыру, полипрагмазияны төмендету және дербестендірілген фармакотерапияны енгізудің есебінен шамамен 1 млрд теңгені құрады.
2025 жылы госпитальдық фармацияның 49 жаңа бөлімшесі ашылды. Бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімшелерді ескере отырып, олардың жалпы саны республика бойынша 126-ға жетті.
Бөлімшелердің жұмысы:
-дәрілік заттардың дербестендірілген есебін енгізуге;
-фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға;
-шығындарды оңтайландыруға;
-терапияның тиімділігін бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қосылған құн салығынан босатылғаны туралы жаздық.