Қазақстанда астық элеваторларын салу және жаңғырту бойынша несие беру бағдарламасы іске қосылады
24 желтоқсан, 2025
Фото: primeminister.kz
Егіс алқаптарын белсенді әртараптандыруға және дәнді емес дақылдардың жоғары өнімділігіне байланысты еліміздегі сақтау инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі туындады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Егін шаруашылығында сақтау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі – өсімге кедергі келтіретін фактор болып отыр. Осыған байланысты элеваторларды кеңейту және жаңғырту жобаларына арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленуде, оны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр», - деді Айдарбек Сапаров.
Ұқсас жаңалықтар
4 қыркүйек, 2026
Қазақстандық ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологияларын әзірлеп жатыр
3 қыркүйек, 2026
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымдарына таныстырды
2 қыркүйек, 2026
Президент Жолдауы: елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды
31 тамыз, 2026
$78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастырып жатыр