Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келді

Бүгін, 09:42
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер және Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тараптар үшжақты хаттамаға қол қойды. Бекітілген жұмыс режиміне сәйкес, жаз мезгілінде Түркістан облысының Мақтаарал мен Жетісай аудандары диқандарын сумен қамтамасыз ету үшін «Бахри-Точик» су қоймасынан су жіберіледі.

«Оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Қол жеткізілген келісімдер – Орталық Азия елдері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен өзара қолдаудың нәтижесі. Қабылданған шаралар вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, отандық диқандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары өңірдегі су ресурстарын ұтымды және өзара тиімді пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Еске сала кетейік, Жапония мен БҰҰ ДБ Каспий теңізін қолдауға арналған жаңа жобаны іске асырып жатыр.