Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

8 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Е.Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.

Еске салайық, бұдан бұрын Таяу Шығыс елдерінен тағы 1,8 мыңға жуық қазақстандық елге оралғаны туралы жаздық.