Қазақстан бюджеті әлеуметтік бағдарын сақтайды – Жұманғарин

Қазақстан бюджеті әлеуметтік бағдарын сақтайды – Жұманғарин
Фото: видеодан скриншот: Үкімет отырысы

Бүгінгі таңда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет құрылымында шамамен 53%-ды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, бұл барлық бюджет қаражатының жартысынан көбі және осы бағыттағы шығындар әлі де артып келеді. Мысалы, МӘМС жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 300 млрд теңге бөлінсе, 2026 жылға 800 млрд теңге жоспарланған.

«Орташа жылдық өсім шамамен 24%-ды құрайды. Бұл жақсы және тұрақты қарқын. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын шығындар 2020 жылы 1 трлн теңгеден астам болса, 2026 жылға арналған жоспар 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.