Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Бүгін, 17:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады
Фото: akorda.kz

17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Еске салсақ, Президент бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.