«Қар ұшқыны»: астаналық зейнеткерлер олимпиада чемпионын ұлықтады
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының спорт нұсқаушылары спорттың скандинавиялық серуен түрінен «Қар ұшқыны» атты ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты - зейнеткерлердің менталдық денсаулық деңгейін арттыру және XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау.
Іс-шара барысында зейнеткерлер қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларымызға қолдау білдіріп, алтын медаль иегері Михаил Шайдоровты құттықтады.

Ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды. Қатысушылар қар үстіне қар ұшқынының бейнесін салып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ашық сабаққа жиналған зейнеткерлер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
