Прокуратура: Ұшақ билетінде екі әріпке дейінгі қатені тегін түзету тәртібі енгізілді
Лоукостер әуе компаниясы ұшақ билетін рәсімдеу кезінде азаматтың аты-жөнінде кеткен елеусіз қате үшін айыппұл салып келген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
«Азаматтар әуе билетін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қате үшін көптеген айыппұл салынғанына шағымданған. 2025 жылы «Qazaq Air» АҚ (қазіргі атауы — Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы 3 815 жолаушының дерегін түзеткен, олардың басым бөлігі — екі әріпке дейінгі қателер», делінген хабарламада.
Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді.
Еске сала кетсек, Кипрге Астана және Алматыдан ұшып баруға болатынын хабарладық.