Президент Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келуге қатысты пікірін білдірді
8 сәуір, 2026
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.
Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
4 қыркүйек, 2026
Президент Әлібек Қуантыровқа үш мегаполисте қалдықты энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салуды тапсырды
2 қыркүйек, 2026
Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр – Президент Тоқаев
31 тамыз, 2026
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
31 тамыз, 2026
Президент маңызды лауазымдардың кандидатураларын қолдаған Құрылтайға ризашылығын білдірді