Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады

Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады
Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», – деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда өтті.