Президент Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 20:45
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлескені туралы жаздық.