Partners & Consultants алаяқтық жобасы өмірді сақтандырамыз деп 270 адамның ақшасын жымқырған

Бүгін, 13:56
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Partners & Consultants алаяқтық жобасы өмірді сақтандырамыз деп 270 адамның ақшасын жымқырған
Фото: freepik.com

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті заңсыз инвестициялық қызмет саласындағы Partners & Consultants схеамасына қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

2013–2021 жылдар аралығында күдікті Partners & Consultants атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салу сылтауымен азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Азаматтарды өзіне бағынысты заңды тұлғалардың - Evroasia Global Investment АҚ және Evropa Investment ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген.

Жобаның сенімділігін дәлелдеу үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарына сілтемелер қолданылған.

Қаражаттар қолма-қолсыз аударымдар арқылы қабылданып, кейін салымшыларға ұзақ мерзімді депозиттер мен инвестициялық міндеттемелер бар деген жалған әсер қалдыратын жалған құжаттар берілген.

Нәтижесінде 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Алынған ақшалай қаражат күдікті тарапынан жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алуға жұмсалған. Аталған мүлікке қазіргі уақытта шектеу қойылған.

Күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұдан бұрын алаяқтар астаналық студентті 32 миллион теңгеге алдап соққаны туралы жаздық.