Өскеменде 93 келіден асатын есірткіні сақтаған күдікті ұсталды

Бүгін, 13:56
Думан Аманжол Думан Аманжол
Өскеменде 93 келіден асатын есірткіні сақтаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Өскемен қаласында ірі көлемде есірткі сақтау дерегі анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Арнайы операция облыс прокуратурасымен бірлескен жедел-профилактикалық шаралар барысында жүргізілді. Жедел іздестіру кезінде есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы тұрғын ұсталды.

«Тінту барысында оның гаражынан есірткі сақталған қойма табылып, өсімдік тектес зат салынған екі қорап, 120 литрлік алты жартылай толтырылған бөшке, сондай-ақ қалдықтары бар үш бөшке және буып-түю материалдары тәркіленді», делінеді хабарламада.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, алынған заттардың жалпы салмағы 93 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау немесе өткізу фактілері үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.

Еске салсақ, Алматыдағы арықтан ер адамның мәйіті табылған