Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды
20 сәуір, 2026
Фото: polisia.kz
Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланың коммуналдық қызметкерлері арықтағы бітелісті тазалауға келгенде қоқыс емес, ер адамның мәйітін көрген.
Қайғылы оқиғаға қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі мәлімет бойынша, ер адам мас күйінде тепе-теңдігін сақтай алмай, арыққа құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған», делінген басқарманың хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты – ВИДЕО
3 қыркүйек, 2026
Астанада коттедждегі 225 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді
3 қыркүйек, 2026
Астанада екі қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатыр
3 қыркүйек, 2026
Құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен жеңіл автокөлікті судан алып шықты