Олжас Бектенов табиғи ескерткіштердің қорғалуын бақылауды күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Ішкі істер министрлігіне табиғи ескерткіштердің қорғалуын бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Олжас Бектенов табиғи ескерткіштер мен туристік инфрақұрылымға және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтаудың және вандализм әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығын атап өтті.
«Табиғи ескерткіштер мен инфрақұрылымға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру қажет. Ішкі істер министрлігіне осы бағытта бақылауды күшейтуді тапсырамын. Вандализмнің кез келген түріне жауапкершілік қаралған. Жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау тұрғысынан жүргізілуі тиіс», - деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Еске сала кетейік, елдегі ұлттық парктерге барған туристер саны 3,7 млн-ға дейін жетті.