Олимпиада-2026: Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға өтті

Бүгін, 16:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Олимпиада-2026: Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға өтті
Фото: olympic.kz

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл сайыста әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.

29 спортшы қатысқан сайыста ТОП-10 спортшы финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, финал 12 ақпанға жоспарланған.