Наурызнама: Ұлттық киім күні

Наурызнама: Ұлттық киім күні
Сурет: Gemini AI

Бүгін Наурызнама онкүндігі аясындағы ұлттық киім күні, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кейінгі кездері ұлттық нақыштағы киімге деген сұраныс артып келеді. Бұл халқымыздың дәстүрлі мәдениетіне деген құрметтің арта түскенінің белгісі. Наурызнама аясындағы бұл күнде ұлттық киімді киіп, ата-бабамыздан қалған сән мен салтанатты дәріптеу ерекше маңызға ие.

Қазақтың ою-өрнекпен безендірілген шапаны, кимешегі, құндыз бөрігі мен түлкі тымағы халқымыздың тұрмыс – тіршілігі мен талғамын танытатын құнды мұра. Осындай дәстүрлі киімді кию арқылы адам тарихи тамырына жақындап, ұлттық болмысын тереңірек сезінеді.

Наурыз мерекесінде ұлттық киім киіп, көктеммен бірге жаңарып, даланың дәстүріне сай сәндену мәдениетімізді құрметтеудің көрінісі. Бұл күн адамдарға табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, өзін сол табиғаттың ажырамас бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.