Мұхтар Шахановтың қайда жерленетіні белгілі болды
20 сәуір, 2026
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу және жерлеу рәсімдерінің уақыты мен өтетін орны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағы жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Ал жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Алматы қаласындағы Кеңсай-2 зиратында өтеді.

Еске салсақ, әйгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астананы газдандыру 95%-ға жетті: елордада жекеменшік секторды қосу жұмыстары аяқталуда
3 қыркүйек, 2026
Еліміздің 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
3 қыркүйек, 2026
Мұрат Мансұров: Қазақ тазысы – ұлт қазынасы
2 қыркүйек, 2026
Артық салмақ жолды бүлдіріп, жөндеу шығынын арттырады – «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады