12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі": Әбенов құжаттарды цифрландыру туралы айтты

|
Photo: Бақытжан Отарбаева
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі": Әбенов құжаттарды цифрландыру туралы айтты

|
Photo: Бақытжан Отарбаева

Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасын талқылау кезінде депутат Мұрат Әбенов азаматтардың биометриялық деректерін қорғау туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сөзінше, биометрияны заңдастыру маңызды әрі қажет шара, өйткені банктік алаяқтардың көбеюіне байланысты қауіп аяқ астында.

Мен заң жобасын қолдаймын. Тіпті, біз біраз кешігіп қалдық деп есептеймін. Биометрияны заңдастыру – аса маңызды мәселе. Көптеген азаматтар бізге банктік алаяқтарға алданып қалғанын айтып жүгінеді. Былтыр біз міндетті биометрияны енгіздік – енді тек биометрия, төрт сандық код жоқ. Бірақ келіп түсетін шағымдар көбейді, жағдайларды зерттеп жатырмыз, – деді депутат.

Әбеновтің сөзінше, елдегі кейбір банктер әлі де биометрияны қалай дұрыс жүргізуді нақты білмейді. Осының әсерінен азаматтардың құқықтары дұрыс қорғалмай, алаяқтарға оңай олжа болып отыр. 

Біз бір ірі банкті тексергенде, биометриялық тексерісті қалай өткізгендерін сұрадық. Олар тек бейнені көрсетті, ал оны салыстыру үшін қолданған дерегі – тек 2014 жылғы жеке куәліктің көшірмесі екен. Осындай ескі құжатпен биометрияны дұрыс жасау мүмкін емес. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау тұрғысынан дұрыс емес, – деп ескертті депутат.

Әбенов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне біртұтас биометриялық аутентификация инфрақұрылымын құру қажетігін айтты.

Бұл инфрақұрылымды орната аласыздар ма және заңдастыра аласыздар ма? Биометрия тек бір орталық арқылы өтуі тиіс. Бұл – мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі, – деді Әбенов.

Министрліктің өкілінің айтуынша, жұмыс қолға алынған. 

Біздің министрлік дайын. eGov Mobile қосымшасы аясында ай сайын 6,5 миллионнан астам белсенді пайдаланушы бар және онда биометриялық аутентификация қолданылады. Заң жобасында эталондық жазбалармен бірыңғай биометриялық база құру нормалары бекітілген, олар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, – деді Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗