Мемлекет басшысы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
4 наурыз, 2026
Фото: akorda.kz
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды», - деп жазды Айбек Смадияров.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
5 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент өкілеттіктерін бекітті
4 қыркүйек, 2026
Президент министрге мәдениет пен креативті индустрияны дамытуды тапсырды
3 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит Бірлескен мәлімдеме қабылдады
3 қыркүйек, 2026
Лаос Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты