Мәжіліс депутаты тренинг курстардың заңға сәйкестігіне тексеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты тренинг курстардың заңға сәйкестігіне тексеруді ұсынды
Фото: Мәжіліс отырысындағы бейнежазбадан скриншот

Депутат Жарқынбек Амантайұлы тренингтер азаматтарға рухани, психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол осындай депутаттық сауалын ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Бас прокуроры Берік Асыловқа бағыттаған.

«Креативті ойлауды», «тиімді коммуникацияны», «шешен сөйлеуді» тегін үйретеміз деп уәде беретін орталықтар да аз емес. Тренингтер адам санасын тәжірибе алаңына айналдырады», - деді депутат.

Жарқынбек Амантайұлы уәкілетті органдарға осы мәселеге қатысты үш талапты қарастыруды сұрады.

«Тиісті министрліктер мен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан аталған курстардың бағдарламалық мазмұнына, қолданылатын әдістемелеріне және олардың заңнамаға сәйкестігіне ресми тексеру жүргізу. Азаматтарды қорлау, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және манипуляция белгілері бар әрекеттерге құқықтық баға беріп, анықталған фактілер бойынша нақты шаралар қабылдау. Осындай тренингтік бағдарламаларды лицензиялау, сертификаттау және мемлекеттік реттеу тетігін енгізу қарастыру керек», - деді депутат.

Еске сала кетсек, Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялады.