03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстауда уланып қалған 98 оқушы үйлеріне шығарылды

|
Photo: Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстауда уланып қалған 98 оқушы үйлеріне шығарылды

|
Photo: Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен

Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды. Оқушылар үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сенсек, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының №8 жалпы білім беретін мектебінің дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар 466 оқушысы облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген. 

Зардап шеккендердің 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайына алаңдаудың қажеті жоқ, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗