Мәулен Әшімбаев бір палаталы Парламент туралы ойын айтты
11 қыркүйек, 2025
фото: Parlam.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында палаталар біріктірілген жағдайда Парламенттің инфрақұрылымы қалай пайдаланылатыны туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Тағы да атап өткім келеді. Егер референдумда азаматтар бір палаталы жаңа Парламент құру туралы ұсынысты қолдаса, онда қолданыстағы бүкіл парламенттік инфрақұрылым жаңа Парламенттің игілігіне пайдаланылатын болады. Ал қалай десеңіздер, оны сол кезде қызмет ететін депутаттардан сұрайсыздар», — деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында бір палаталы Парламент құру туралы айтты.
Ұқсас жаңалықтар
5 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент өкілеттіктерін бекітті
4 қыркүйек, 2026
Президент министрге мәдениет пен креативті индустрияны дамытуды тапсырды
3 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит Бірлескен мәлімдеме қабылдады
3 қыркүйек, 2026
Лаос Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты