Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын арттыруды жоспарлап отыр

Бүгін, 16:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын арттыруды жоспарлап отыр
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

2026 жылдың қаңтарынан бастап, тамыз айына дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1 120,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда салыстырғанда 19,3%-ға артық, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швейцария Конфедерациясының Елшісі Кристина Хонеггер ханыммен кездесуінде мәлімдеді.

Министрдің  сөзінше, Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын 30 позиция бойынша арттыра алады. Соның ішінде ең перспективті бағыттар - металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай-химия, машина жасау және химия салалары. Оның ішінде алюминий, болат прокаты, ферроқорытпалар, күнбағыс майы, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер туралы сөз қозғалды.

Биылғы жылдың 8 айының ішінде Қазақстанның Швейцарияға экспорты 15,4%-ға өсіп, 820,5 млн долларға жетті.