Кәсіпкерлерге қару-жарақпен қысым көрсетуді жоспарлаған күдіктілер ұсталды - ІІМ

Бүгін, 16:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Кәсіпкерлерге қару-жарақпен қысым көрсетуді жоспарлаған күдіктілер ұсталды - ІІМ
фото: polisia.kz

ІІМ Бас прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты жедел-тергеу іс-шаралар кешенін жүзеге асырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ Бас прокуратурамен бірлесіп, 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

«Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталып, 17 санкцияланған тінту жүргізілді», - делінген хабарламада. 

Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған.

Құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.