Ірі еуропалық жүк тасымалдаушы Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта жандандырды

Ірі еуропалық жүк тасымалдаушы Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта жандандырды
Фото: ҚазМұнайГаз

Бүгін Астана халықаралық әуежайына Cargolux Airlines International S.A. алғашқы рейсі келіп қонды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Таяуда ҚМГ-ның еншілес ұйымы - ҚазМұнайГаз-Аэро мен Cargolux компаниясы елорданың әуе айлағындағы рейстерге үздіксіз қызмет көрсетуге кепілдік беретін ұшақ «қанатына» отын құю қызметін көрсетуге шарт жасасты.

Еуропалық жетекші жүк тасымалдаушының бірінің Қазақстан бағытындағы рейсін қайта жандандыруы еліміздің Еуразияның стратегиялық көлік-логистикалық торабы ретіндегі орнының дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айғақтайды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған тапсырмалары аясында жүргізіліп жатыр.

Cargolux Airlines International S.A. (Люксембург) — Еуропадағы ең ірі жүк авиакомпаниясының бірі. Компания Еуропаға, Азияға, АҚШ және Африкаға тұрақты және чартерлік рейстерді орындайды. Соның ішінде ірі жүктерді, тез бұзылатын тауарды тасымалдап, бағалы жүктерді жеткізеді.

Еске салсақ, Астанадан жаңа халықаралық әуе бағыттары ашылады.