Ілбіс 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының символына айналды
2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми тұмары ретінде ілбіс (қар барысы) таңдалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Халықаралық хатшылығына сілтеме жасап.
Тау жыртқышы Қырғызстанның ең танымал бейнесінің бірі, енді ол көшпенділер ойындардың визуалды және коммуникациялық бірегейлігінің бір бөлігіне айналады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының халықаралық хатшылығы бұл бейне Қырғызстанның табиғатымен, оның ландшафтымен, мінезімен және мәдени кодымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
«Бұл тұмар арқылы біз 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының рухын – қадір-қасиетін, тепе-теңдігін және өзара әрекеттесуге ашықтығын жеткізгіміз келді», - деп атап өтті көшпенділер ойындарының халықаралық хатшылығы.
Ол халықаралық жарыстың ақпараттық, визуалды және шығармашылық форматтарында қолданылады.
Еске сала кетсек, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орыннан көрінген Арқан тартыс ұлттық спортының дамуы жөнінде жаздық.