26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғысын білдірді

|
Photo: Instagram/gggboxing
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғысын білдірді

|
Photo: Instagram/gggboxing

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Осыған қатысты World Boxing президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мен жоғары мемлекеттік награда – I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталдым. Бұл –  мен үшін зор құрмет. Мен әрдайым әуесқой бокста да, кәсіпқой рингте де Қазақстан атынан шығып келдім. Осы жолда елімнің намысын лайықты қорғадым. Еңбегімді жоғары бағалап, сенім артқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамын. Барлық қазақстандыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер өмірімнің әр кезеңінде қасымда болдыңыздар. Қолдауларыңыз маған әрдайым күш беріп, жаңа жеңістерге жігерлендірді.Қазір World Boxing ұйымын басқара отырып, әлемдік бокстың дамуына үлес қосу үшін жұмысты жалғастырудамын», - деп жазды Геннадий Головкин.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗