FlyArystan Иранның әуе кеңістігіндегі жағдайға байланысты екі рейстің маршруттары өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді
FlyArystan Иранның әуе кеңістігіндегі жағдай қазіргі уақытта әуекомпанияның 17 қаңтарға жоспарланған Атырау-Доха және Ақтау-Дубай бағытындағы рейстердің орындалуына әсер ететінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әуе компаниясы баспасөз қзыметінің хабарлауынша, қазіргі кезеңде аталған рейстерді Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін баламалы маршруттармен орындау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі FlyArystan үшін әрдайым басты басымдық болып қала береді.
Әуекомпания рейстердің мәртебесі туралы жолаушыларды брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша WhatsApp хабарламалары, SMS және электрондық пошта арқылы хабардар етеді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ FlyArystan жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін ресми сайтта немесе мобильді қолданбада тексеруді ұсынады.