ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық кітапханадағы №129 сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Дауыс беру рәсімінен кейін Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.
- Бүгін біз мәні жағынан тарихи оқиғаның куәсі әрі қатысушысы болып отырмыз. Бұл – Қазақстан тарихындағы мүлдем жаңа заң шығарушы институт – Құрылтайға өткізіліп жатқан алғашқы сайлау. Құрылтайға сайлаудың маңыздылығы институционалдық жаңғыру мен түбегейлі жаңа саяси модельге көшуде жатыр, – деді.
