Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – рухтың жаңарып, жігерді жанитын ерекше кезеңі.
Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!», - деді Ризабек Айтмұқан.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 92 келіде әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ U20 мен U23 санаттарындағы жаһандық дода да үздік шыққан.