Астананың "Сарайшық" ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің күштері 250 шаршы метр алаңдағы қойма өртін толығымен сөндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, елорданың "Сарайшық" ауданындағы Шарбақты көшесінде орналасқан бірқабатты қойма ғимаратының шатыры жанды. Зардап шеккендер жоқ. Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жүргізілді.
Бұған дейін елордалық құтқарушылар қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатқанын жаздық.
