Елордалық өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр

8 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр
Фото: ТЖМ

Астана қаласының өрт сөндірушілері Шарбақты көшесінде шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға орнына барған кезде бір қабатты қойма ғимаратының шатырында өрт болып жатқаны анықталды.

«Өрт оқпандары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, Астанада қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық рейдтер жүріп жатыр.