Елордадағы тұрғын үй ауласында өртенген автокөлік жедел түрде сөндірілді

Елордадағы тұрғын үй ауласында өртенген автокөлік жедел түрде сөндірілді
Фото: видеодан алынған скрин

Бүгін Астана қаласының «Байқоңыр» ауданында А. Сембинов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ТЖМ күштерімен өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.

Бұған дейін астаналық құтқарушылар Есіл өзенінде патрульдеу жұмыстарын күшейткенін жаздық.